Пәкістанның Лахор қаласындағы ауаның ластауынан бастауыш сыныптар жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанның Лахор қаласындағы ауаның ластауынан бастауыш сыныптар жабылды

05.11.2024

Пәкістанның екінші ірі қаласы Лахорда ауаның ластану деңгейі бұрын-соңды болмаған тарихи максимумға жетті. Сондықтан жергілікті халық билікті қатаң шара қолдануға шақырып отыр. Қарашаның 3-де көне шаһар ауасының ластануы бойынша әлемде бірінші орынға шыққан. Улы түтіннен ауруханаға түскендер күрт көбейді. Көбінің тыныс алуы қиындаған, демікпеге және жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан. Дені балалар мен қарттар. Пәкістан үкіметі бұл дағдарысты еңсеру үшін бастауыш мектептерді жауып, үйден жұмыс істеу тәрізді төтенше шаралар қабылдап жатыр. Сарапшылар түтіннің пайда болуын өнеркәсіптік қалдықтармен, көліктен тарайтын газбен, сабанның өртенуімен және құрылыс алаңдарынан көтерілген шаңмен байланыстырып отыр. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу