Қарағанды оқушылары қоқыс сұрыптауды үйренді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды оқушылары қоқыс сұрыптауды үйренді

05.11.2024

Қарағанды облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында оқушыларға қоқысты дұрыс сұрыптаудың маңызы түсіндірілді. 33 мектеп шараға ат салысып, оқушылар 3500 келі макулатура мен 540 келі пластикалық бөтелке жинаған. Оның бәрі қоқысты қайта өңдеу зауытына тапсырылып, ақшасы қайырымдылық қорына жұмсалды. Одан бөлек экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында арнайы сабақтар өткізілді.

Асқар Хамитов, зауыт менеджері:

Экологияға қарасаң, қазір қайда қарасаң, сол жерде қоқыс жатады. Баланың қоқыс жинауы маңызды. Қалаға арнайы сеткалар орнаттық. Қай жерге қай қоқысты салу керектігі жазылып, суреті көрсетіліп тұр. Балалар қарап, тастай алады.

Жандос Бақытұлы


Хабарламаларға жазылу