АҚШ-тағы президенттік сайлаудың Қазақстан үшін әсері қандай болмақ? Саяси жағдайы мен экономикасына өзгерістер әкелуі мүмкін бе? Бұл сауалдарды Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы Мұхит Асанбаевқа қойдық.
Мұхит Асанбаев, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы:
Бізге кім ұтса да, АҚШ пен Қазақстан арасындағы серіктестік қарым-қатынас, стратегиялық келісімдер ары қарай жалғасын табады. Екі ел бір-біріне деген қарым-қатынасы 30 жыл болды қарқынды дамып келеді. Сондықтан да АҚШ өзінің позициясын қайта-қайта өзгерте бермейді.
Аида Ахметбек