Францияның әйгілі Гиме музейінде «Қазақстан: Ұлы Дала жауһарлары» көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияның әйгілі Гиме музейінде «Қазақстан: Ұлы Дала жауһарлары» көрмесі ашылды

05.11.2024

Францияның әйгілі Гиме музейінде «Қазақстан: Ұлы Дала жауһарлары» көрмесі ашылды. Париж тұрғындары мен қонақтары келесі жылдың 24 наурызына дейін көшпелі мәдениеттің және мемлекеттіліктің дамуын бейнелейтін жәдігерлерді тамашалай алады. Экспозицияда Қазақстанның Ұлттық музейі мен «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының коллекцияларынан алынған 35 сирек артефакт ұсынылған. Министр Аида Балаева, осы іссапар аясында Лувр музейінің президент-директоры ЛорАнс де Кармен кездесіп, келешек жоспарлар талқыланды. Айтқандай, 2026 жылы әлемге әйгілі Луврда Қазақстанның Ұлттық көрмесі өтеді. Ал Гиме музейінде ашылған көрмеде, Қазақстан мәдениетін терең тануға мүмкіндік беретін иммерсивті мультимедиялық контент те ұйымдастырылғанын айта кетейік.

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

Бұл көрменің ең басты құндылығы негізгі біздің тарихымыздың кезеңдерін айшықтайды. Сақ дәуірінен бастап, мына қазақ хандығына дейін. Мұны франуз әріптестеріміз осы заманауи түрде паш етіп отыр.

Гиме музейіндегі құнды жәдігерлердің бірі – «Тобыл ойшылы»

Гиме музейіндегі экспозицияда ұсынылған құнды жәдігерлеріміздің бірі - «Тобыл ойшылы». Салмағы 4 келі, тұрқы 25 сантиметрдей болатын тас мүсін – осыдан 2-3 мың жыл бұрын өмір сүрген адамдардың қолынан шыққан туынды. Ойланып отырған адамның кейпіне келетін жәдігер тастан ойып жасалуымен құнды. Ол 1976 жылы Қостанай қаласының іргесіндегі егіс алқабынан табылған болатын. Мүсіннің мінсіз тегістігі толып жатқан технологиямен, техникамен жұмыс істейтін ХХІ ғасыр мүсіншілерінің өзін әлі күнге дейін таң қалдырады.


Қаракөз Тұрмағанбет

Хабарламаларға жазылу