АҚШ-та президент сайлауының алғашқы қорытындылары жарияланып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, республикалық үміткер Дональд Трамп 230, демократ Камала Харрис 205 дауыс жинады. Ал жеңімпаз атану үшін сайлаушылар алқасының 270 дауысына ие болу қажет.
«Ассошиэйтед пресс» агенттігінің мәліметіне қарағанда, штаттардың жартысынан астамында сайлау бөлімшелері жабылды. Бюллетендердің үштен бірі саналып болған. Дегенмен, сауалнама қорытындыларына қарағанда, 7 шешуші штатта екі кандидаттың мүмкіндіктері бір-бірімен шамалас болып тұр.
Арыстан Рысбек