Испаниядағы тасқын кезінде 89 адамның жоғалып кеткені анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испаниядағы тасқын кезінде 89 адамның жоғалып кеткені анықталды

06.11.2024

Испанияның шығысында алапат тасқыннан жоғалып кеткен 89 адам әлі табылмай жатыр. Мұны су апатынан қатты зардап шеккен Валенсия аймағының Жоғарғы соты мәлімдеді. Айта кетсек, бұл өңірге өткен аптада жауын құйды. Салдарынан, көліктер мен көпірлерді су шайып, талай елдімекен тасқынның ортасында қалды. Қазір іздеу-құтқару және қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Оған мыңдаған жауынгер тартылған. Король үкіметінің басшысы Педро Санчес мәлімдегендей, апаттан зардап шеккендерге көмекке 10,6 миллиард еуро жәрдем ретінде бөлінеді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу