Ауылдың үздік тәжірибесі экспортталуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауылдың үздік тәжірибесі экспортталуда

06.11.2024

Ақмола облысына қарасты Родина аулында Ұлттық экономика министрлігінің ұйымдастыруымен семинар-кеңес өтті. Жиында Қазақстанның түкпір-түпкірінен келген шаруашылық өкілдері мен басқарма басшылары бас қосты. Олар алдымен жергілікті «Родина» агрофирмасының жұмысы мен ауылдың тұрмыс-тіршілігімен танысты. Кейіннен, семинарда ауыл шаруашылығы саласын қатысты ұсыныстар ортаға салынып, болашақ бағдары талқыланды.

Бауыржан Омарбеков, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:

Айтылған ұсыныстардың барлығын кіргізе отырып және де Родина ауылының дамуындағы озық тәжірибелерді көрсете отырып, соны орындауға, іске асыру үшін не қажет, қандай кедергі бар, қандай құжаттамаларға өзгерістер енгізілу керек, қандай саяси шешімдер қабылдану керек. Барлығын сол жол картасына түсіре отырып, бақылауға алуды жоспарлап отырмыз.

Нұрлан Байбақов, Түркістан облысы, Бадам ауылдық округінің әкімі:

Осында біз Түркістан облысынан, өзіміздің ауылдық округтен кәсіпорындар келді. Ол кісілермен де бірге жоспар құрып, осы ауылдың тәжірибесін өзіміздің ауылда да пайдаланамыз деп жоспарлап отырмыз.

Темірлан Нұрсолтанов


Хабарламаларға жазылу