Енді, балаларға вакцина салу үшін ата-аналар немесе заңды өкіл келісімді электронды түрде береді. Бұл екпе салдырғысы келмейтіндерге де қатысты. Денсаулық сақтау министрлігі бұйрыққа өзгеріс енгізді. Егер процесс кезінде техникалық ақау туындаса, растау сканерленген көшірме түрінде қабылданады. Барлық дерек медициналық ақпараттық жүйеге енгізіледі. Вакцинациядан кейін науқаста екпенің жанама әсері пайда болса, медицина қызметкері санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің аумақтық бөлімшесіне және мемлекеттік сараптама ұйымына жедел электрондық хабарлама жіберуге міндетті. Сондай-ақ, екпе алған адам қоңырау шалған жағдайда дәрігер дереу қажетті көмек көрсетіп, қажет болса ауруханаға жатқызуы керек. Бұйрық 1-ші қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Асылбек Данияр