Семейде 1,5 млн теңгеден асқан айыппұлы бар жүргізуші ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде 1,5 млн теңгеден асқан айыппұлы бар жүргізуші ұсталды

06.11.2024

Семейде 1,5 миллион теңгеден асқан айыппұлы бар жүргізуші ұсталды. 30 жастағы азамат 50 рет ереже бұзып, «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешеніне тіркелген. Алайда ол айыппұлды мүлдем төлемей жүре берген. Ережені елемеген жүргізушіні полицейлер кезекті рейдтің бірінде қолға түсірді, көлігін айып тұрағына қойды. Жалпы жыл басынан бері Семейде «Сергек» арқылы 193 мыңнан аса ереже бұзушылық анықталған. Нәтижесінде 2 миллиард теңгеге жуық айыппұл тіркеліп, соның 1 миллиАад 862 миллионнан астамы өндірілген.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу