Е.Бөлекпаев: Қарағанды облысы қысқа дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Е.Бөлекпаев: Қарағанды облысы қысқа дайын

06.11.2024

Әрбір екінші қарағандылық кәсіпкерлік саласында қызмет етеді. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев осылай дейді.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берген басшы жыл соңына дейін 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілетінін айтады. Облыс бойынша мың шақырымнан астам жол жөнделген. Бұл қатарда «Қарағанды- Балқаш», «Қарағанды-Қарқаралы» автожолы бар. Бұдан бөлек, таза ауыз су, туризм, газбен жабдықтау, білім беру, маман тапшылығы және т.б мәселелер айтылды. Өңірде өзекті болған жылыту маусымына қатысты мәселе де назардан тыс қалған жоқ. Әкім биыл облыс орталығында, Балқашта, Теміртауда, Шахтинскіде 17 шақырым магистральдік жылу желісі салынғанын, алдағы қысқа дайын екенін жеткізді.

Ермағамбет Бөлекпаев, Қарағанды облысының әкімі:

Мысалы біз Балқаш қаласына өте көп жұмыс жасадық. Көптен бері ол жаққа қаражат бөлінбегендіктен желілерде өте қатты тозып кеткен. 14 млрд теңгедей біз бердік. Қарағанды қаласына да біраз жұмыстар жасалды. Теміртауда да 10 млрд-тан астам жұмыс жасалып жатыр, әлі де біз 35 млрд теңгеге өзіміздің жобаларымыз бар. Қыстан аман өтуге бүкіл жұмысты жасаймыз.

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу