Жетісу облысының Қытаймен шекаралас Панфилов ауданында алғашқы «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді. 1 200 орындық заманауи білім ордасы Жаркент қаласында салынды. Бірнеше блоктан тұратын ғимаратта 64 кабинет бар. Химия, физика, биология, робототехника, СТИМ кабинеттері, нанотехнология сынды профильдік бағыттағы сыныптар озық үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтылған. Мұнан бөлек ағаш пен темір өңдейтін және тігін шеберханалары бар. Сондай-ақ кітап оқуға, балалардың шығармашылық дамуы мен демалуына коуоркинг аймақтары қарастырылған. Жаңа мектепте жүзге жуық мұғалім білім береді.
Балнұр Теберекова, оқушы:
Осы кабинетте отырған кезде тоқыма тігеміз. Түрлі ою-өрнектер жасаймыз. Ал басқа кабинеттерді айта кетсем, мысалға лаборатория. Лабораторияда түрлі химиялық реакациялар жүргіземіз және де айта кетсем, бұл мектепте оқу әрбір оқушының арманы деп ойлаймын.
Қуаныш Қанатұлы