Әлем көз тіккен Америкадағы Президент сайлауы мәресіне жетті. Міне өздеріңіз көріп тұрғандай, соңғы мәліметтер бойынша 277 дауысы бар Трамп 224 дауыс жинаған Харристан алда келеді.
Ал The New York Times басылымының болжамынша, Дональд Трамптың президенттік сайлауда жеңу ықтималдығы 95 пайыз. Экс президент 306 дауысқа ие болмақ. Ал Өкілдер палатасының спикері Дональд Трампты сайлауда жеңіске жетті деп мәлімдеп үлгерді. Десе де бұл әзірге болжам. Себебі мына картадағы көрсеткіштер әлі де өзгеруі мүмкін. Себебі кейбір штаттарда бюллетеньдерді санау процесі әлі жүріп жатыр. Жалпы жеңіске жету үшін 270 дауыс жеткілікті.
Бір анығы Республикалық партия осы сайлауда Сенатты бақылауына алды. Кемі 51 орынды иеленді. Яғни демократтар жоғарғы палатаны бақылау құзырынан айырылды. Енді көп ұзамай Өкілдер палатасы қай партияның билігіне өтетіні белгілі болмақ.
Жалғас Сәдібекұлы