Астанада қатты желдің әсерінен аялдама әйнектері мен ғимарат қасбетінің бөліктері құлаған. Табиғи апат салдарын қала тұрғындары әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр.
Ал төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Сарыарқа ауданында құрылыс краны құлаған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Ауа-райының күрт нашарлауына байланысты екінші ауысымның сабақтары 30 минутқа дейін қысқарды. Бұған дейін Елорадалықтар 6 және 7 қарашада қатты жел соғатыны туралы SMS-хабарламалар алған еді. Жіберілген ақпаратта жел жылдамдығы 30 м/с дейін күшейіп, көктайғақ болатыны ескертілген.
Темірлан Нұрсолтан