Ауа райының күрт нашарлауына байланысты елордалық бірінші ауысымда оқитын 7-сыныпқа дейінгі оқушылар сабақты қашықтан оқиды. Бұл туралы қалалық Білім басқармасының өкілдері хабарлады. Бұдан бөлек, Ақмола облысындағы шәкірттер де онлайн форматқа ауысты.
Көкшетауда 1-4-сыныптар, елорда іргесіндегі ауылдарда 9-сыныпқа дейін, қалған аудандарда бірінші ауысымда оқитын барлық оқушы қашықтан білім алады. Еске сала кетейік, бұған дейін бірнеше өңірде ауа райының бұзылуына байланысты жолдар жабылды. Сондай-ақ елорда әуежайында әуе рейстері кешігіп жатыр.
Асылбек Данияр