Өзге де ақпарат. Қызылордада балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры және бас есепшісі сотталды. Лауазымды тұлғалар бірнеше жылдың ішінде мемлекетке 21,7 миллион теңгеден астам мүлікТік шығын келтірген. Директор 2018-2023 жылдар аралығында бюджет қаражатын бас есепшінің көмегімен өзінің шотына заңсыз аудартып келген.
Мемлекет қаржысын жымқырған тұлғалар өз кінәсін мойындап, заң алдында жауап берді. Сот үкімімен есепші екі жылға, басшысы 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сондай-ақ, соттаЛушылар лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына шеттетілді.
Әділбек Серікұлы