Павлодарда 67 жастағы зейнеткерді ағаш басып, мерт қылды.
Марқұм құтқарушылар мен жедел жәрдем алғашқы көмекті көрсеткеннен кейін қайтыс болған. Дерекке қарағанда, кеуде сүйегі сынған. Аймақта қатты дауыл кеше түнде басталды. Кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жеткен. Ағаштар Павлодарда ғана емес, Екібастүз қаласында да құлап, біраз көлікке зақым келтірді. Дәл қазіргі уақытта Павлодар қаласының бірнеше шағын ауданында ауыз су жоқ. «Павлодар су арнасы» мекемесінің электр желісінде ақау шығып, су сорғылары жұмыс істемей қалған.
Болат Аманбаев