Биыл 21 судья жауапқа тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 21 судья жауапқа тартылды

07.11.2024

Биыл істі қарауда өрескел қате жіберген 21 судья жауапқа тартылды. Бұл туралы бүгін Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы сот кеңесінің мүшесі Нұрия Сисенова айтты.

Былтыр жұмысын тиісті деңгейде атқармаған 9 судья жазаланған. Яғни биыл істі қарауда қателесіп, заң бұзған судьялар саны екі есеге өскен. Жоғарғы Соттың Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріповтың айтуынша, шалыс басқандардар тиісті жазаларын алған.

Нұрсерік Шәріпов, Жоғарғы Соттың Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы:

Қызметінен босаған судьялар бар. Сөгіс жарияланған судьялар бар. Оның барлығы бар. Егер де бір сұраныс жіберсеңіздер Жоғарғы Сот кеңесі ол туралы толық мәлімет береді. Ол ешқандай да жасырын ақпарат емес.

Сондай-ақ Жоғарғы палата отырысында сот жүйесін реформалау туралы заң жобасы қаралды. Оған сай 2025 жылдың бірінші шілдесінен бастап 3 бағыттағы тәуелсіз кассациялық сот құрылып, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша жұмысын бастайды. Бұл дегеніміз бұдан былай сот төрелігін жүзеге асырумен жергілікті және кассациялық соттар ғана айналысады. Яғни қандай да бір үкімнің заңдылығын қайта қарауға мүмкіндік туады.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу