Алматыда 13 адамның өмірін қиған хостелдегі өрт оқиғасы бойынша бүгін төртінші сот отырысы өтті. Хостелге бір ай бұрын әкімші болып жұмысқа кірген Татьяна Глызина мен оның жолдасы Владимир Статкевичтен, сол хостелде тұрған студенттердің атынан келген Әсел Боранбайдан жауап алынды. Куәгер Татьяна Глызинаның сөзінше, нысанда апаттық шығу есігі мен арнайы өрт сөндіру құрылғылары болмаған. Өрт болған күні дабыл іске қосылғанымен, тар дәлізде жиналып тұрған матрастар сыртқа шығуға кедергі келтірді, - дейді. Қызметкердің сөзінше, өрт қасақана жасалуы да мүмкін.
Еске сала кетейік, Алматы хостеліндегі өрт былтыр 30 қарашада болды. 13 адам қаза тапты. Қылмыстық істе 2 адам айыпталып отыр. Олардың бірі- ғимаратты жалға алған Әділбек Мұхамедияров пен өрттен қорғау жүйесін орнату жөніндегі маман Александр Пекельник. Келесі сот отырысы 14 қараша күні өтеді.
Айдана Қуантхан