Татарстанда туристерге салық төлеу міндеттелмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Татарстанда туристерге салық төлеу міндеттелмек

07.11.2024

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Татарстанда туристік алым енгізілмек. Яғни Қазан қаласына келетін туристер қонақүйлерде тұру құнының 1% мөлшерінде туристік салық төлеуі міндетті. Минималды сома күніне 100 рубль, яғни 500 теңгеден астам. Туристік алым қала бюджетіне 150 млн рубльдан астам табыс әкеледі дейді экономистер. Осыған дейін туристік алым Ресейдің бес өңірінде енгізілген. Олар: Алтай, Ставрополь, Краснодар, Санкт-Петербург және Новороссийск қаласы.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу