Жапонияның үшінші ірі автоконцерні «Nissan» 9 мың жұмыс орнын қысқарту жоспарын жариялады. Сонымен қатар, әйгілі компания жаһандық өндірісінің бестен бірін тоқтатпақ. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, «Nissan» басшылығының мұндай шешім қабылдауына көліктердің аз сатыла бастағаны себеп.
Мәселен, осы жылдың бірінші жартысында «Nissan» машиналарының саудасы әлем бойынша 3,8 пайызға түскен. Әсіресе оларға сұраныс Қытай мен АҚШ-та төмендеп отыр. Бұған қоса, «Nissan» компаниясының биылғы жылдық табысы 70 пайызға немесе 975 млн долларға дейін азаяды деген болжам айтылып отыр.
Арыстан Рысбек