Жамбыл облысында Сарыкемер-Мырзатай тас жолының бойы тазартылды. «Таза Бейсенбі» акциясы аясында өткен шараға Байзақ аудандық «Аманат» партиясының белсенділері мен 50-ден аса жас қатысты. Шарапатты шарадан мәслихат депутаттары да қалыс қалмады. Олар үш шақырым жолдың бойынан 3,5 тоннаға жуық қоқыс жинады. Жол жиегін тұрмыстық қалдықтардан тазартқан байзақтықтар жолаушылар мен жүргізушілерді ұқыпты болуға шақырды. Өйткені еліміздің мәдениеті экологиялық тазалықтан басталады, деді табиғат жанашырлары.
Данияр Әлімқұл