Кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетуге арналған ақпараттық жүйе іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетуге арналған ақпараттық жүйе іске қосылады

08.11.2024

Кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдету үшін жаңа ақпараттық жүйе іске қосылады. Бұл туралы Қаржы министрлігі Digital Finance Day жиынында хабарлады. Бизнес өкілдері үшін арнайы портал әзірленіп жатыр.

Мамандардың айтуынша, жоба келесі жылы іске қосылмақ. Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті деп аталатын жүйе – кәсіпкерлер мен халықаралық сарапшылардың қатысуымен жасақталған.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу