Оңтүстік Корея жағалауында балықшылар қайығы суға батып кетті. Соңғы мәліметке қарағанда, 2 адам қаза тауып, 12-сі жоғалып кеткен. Өртпен күрес және қауіпсіздік департаментінің дерегінше, оқиға Чеджудо аралының маңында болған.
Апат алдында қайықта 27 адам болыпты. Олардың кейбірі - шетелдіктер.
Оңтүстік Корея президентінің кеңсесі мәлімдегендей, жоғалып кеткендерді іздеу операцияларына бар күш жұмылдырылып жатыр.
Арыстан Рысбек