Қазақстан ЖИ енгізу бойынша ТОП 50 елдің қатарына кірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан ЖИ енгізу бойынша ТОП 50 елдің қатарына кірді

08.11.2024

Қазақстан жасанды интеллект енгізуге дайындығы бойынша ТОП 50 елдің қатарына кірді. Халықаралық валюта қорының зерттеуінше, әлемдегі жұмыспен қамтудың 40 пайызына жасанды интеллект әсер етеді.

Қазір жасанды интеллект экономиканың барлық салаларында кеңінен енгізіліп жатыр. Болашақта цифрландырудың жаңа тәсілі жаһандық экономикаға оң әсерін береді деп сенеді. Мамандар жасанды интеллект 2300 жылға қарай адамдарға бәсекелестік тудырып, әлемдік экономикаға жылына 4,4 триллион доллар пайда беруі мүмкін деп болжады.

Еліміз жаңа технологияны әзірлеп, дамытуда озық елдер санатына ілікті. Яғни көш басында тұрған 50 мемлекет болса, Қазақстан 48-орынға ие болды.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу