Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасы электр қуатынсыз қалып, 155 жұмысшы эвакуацияланды. Бұл жағдай бойынша кеше сағат 20:29-да кәсіпорынның орталық диспетчерлік басқармасына хабар түскен.
«Qarmet» өкілдерінің ақпараты бойынша, жарықтың өшуіне «Қарағанды Жарық» серіктестігінің №9 трансформаторлық станциясы жұмысын тоқтауы себеп болған. Қазір электр энергиясы қалпына келтірілген. Кәсіпорын қызметкерлерінің қауіпсіз түрде жұмысты қайта бастауы үшін, шахтаны тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деліген хабарламада.
Асылбек Данияр