Инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

08.11.2024

Премьер-министр Олжас Бектенов «Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық» бағдарламасының 23-ші министрлік конференциясына қатысты. Мақсат – Орталық Азия өңірінің интеграцияланған және орнықты дамуын қалыптастыруда Бағдарламаға қатысушы елдер мен халықаралық қаржы институттары арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту. Премьер-министр Олжас Бектенов Бағдарламаның Орталық Азия өңірі үшін өзектілігін атап өтті. 20 жылдан астам уақыт ішінде өңірге шамамен 51 млрд доллар инвестиция салынса, оның 9 млрд-тан астамы Қазақстандағы жобаларға бағытталған, - деді. Конференцияға Азия даму банкінің президенті, Еуропалық комиссияның Таяу Шығыс, Азия және Тынық мұхиты бойынша директоры, Халықаралық валюта қорының, Дүниежүзілік банктің, Ислам даму банкінің және басқа да қаржы ұйымдарының өкілдері қатысты.

Хабарламаларға жазылу