АҚШ-та өткен президенттік сайлауда жеңіске жеткен Дональд Трамп өз командасын жасақтауға кірісті. Соңғы мәліметке қарағанда, ол болашақ әкімшілігіне басшы етіп Сьюзи Уайлсты тағайындаған. Уайлс бұған дейін Трамптың сайлауалды науқанында жоғарғы кеңесші болып қызмет етті. Оны Трамп дауыс беру аяқталғаннан кейін көпшілік алдында мақтағаны белгілі. Ал мемлекеттік хатшы қызметіне басты кандидат ретінде АҚШ-тың Германиядағы бұрынғы елшісі Ричард Гренеллдің есімі аталып жатыр. Пентагон басшылығына үміткерлер арасында бұрынғы мемлекеттік хатшы Майк Помпео да бар.
Ал президент Джо Байден сайлаудан кейін ұлтқа үндеу жолдады. Сол мәлімдемесінде Құрама Штаттар лидері Трампқа билікті бейбіт әрі тәртіпті жолмен тапсыруға уәде еткен.
Арай Төлегенқызы