Елімізде 15 жылда Ми-8 тікұшақтары 7 рет құлаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 15 жылда Ми-8 тікұшақтары 7 рет құлаған

09.11.2024

Бұл тікұшаққа соңғы күрделі жөндеу 2023 жылы Алматы қаласының «405 авиациялық-жөндеу зауыты» базасында жасалды. Барлық регламенттік жұмыстар, оның ішінде ұшу алдындағы дайындық нормативтерге сәйкес орындалды. Дегенмен, сол жөндеуге дейін де апаттар тіркелген еді. Хронологиясын шолып өтсек.

Соңғы 15 жылда Ми-8 тікұшақтары Қазақстанда 7 рет апатқа ұшырады. Апаттардың себебі - ауа райының қолайсыздығы мен ұшқыштардың қателіктері.

2009 жылы Қазақстанның оңтүстігінде Ми-8 тікұшағы апаты кезінде 10 адам қаза тапты. Өкінішке қарай, 2010 жылдың көктемінде тағы да апат болды. Құтқару тікұшағы құлады. Салдарынан 8 адам мерт болды. Ал 2012 жылы Алматы облысында 8 адам көз жұмды.

2019 жылы Ми - 8 тікұшағы құлап, 13 адамның өмірін жалмады. Айта кетейік, Ми-8 тікұшағында адам шығыны жоқ апаттар да жиі тіркеліп жатыр. Бұған дейін тап осы тікұшақтың қолданылуына тыйым салу ұсынылып, талқыланған болатын. Әзірге нақты шектеу қойылған жоқ.


Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу