Хасан Қасымбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хасан Қасымбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды

10.11.2024

Алматы облысының полициясы Хасан Қасымбаевты уақытша ұстау изоляторына қамаған. Оны дүйсенбіде хабарлады. 3 жыл бұрын бір жігітті қаланың ішіндегі дәмханадан ұстап алып, сол жерден бастап ұрып-соғып, айдалаға тастап кеткен бір оқиға болған.

Кезінде бұл іс бойынша бес адам сотталған. Қасымбаев сол іс бойынша ұсталыпты. Бұл іс 3 жылдан кейін неге қайта қозғалып тұр, Қасымбаевтың қатысы бары сол кезде белгілі болмады ма? – деген сұрақтардың жауабы жоқ.

Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары М. Қабдуәлиев журналистерге «Біз қажетті тергеу амалын жүргіздік. Оның осы қылмыстарға қатысы барын анықтадық. Ал кінәсі бар-жоғын сот шешеді»,-депті.

Ал Қасымбаев деген кім? – десеңіз, Алматы облысы Талғар ауданында бір топ адаммен болған жанжал кезінде 16 жастағы Шерзат Полат пышақталып, көз жұмғанын білесіздер. Содан кейін әлеуметтік желілерде Талғарда «Хуторлықтар» деп аталатын ұйымдасқан қылмыстық топ бар, лидері Хасан Қасымбаев деген хабар толассыз тараған.



Хабарламаларға жазылу