Астанадағы LRT-ға машинистер жинау басталды. Хабарландыруды осы жобаны іске асырушы CTS компаниясы берді. Мамандарды Астанада және Қытайда оқытады. Оқуы 1 жыл. Темір жол саласында жоғары білімі, машинист не машинистің көмекшісі болғаны шарт.
LRT-ны ел «Жемқорлық ескерткіші» дейтін. Және бұл сарказм дәл еді. 3 жыл бұрын «Астана LRT» ісі бойынша 7 адам ондаған миллион доллар жымқырды деген айыппен 7 жылдан 10 жылға дейін сотталды.
Астананың бұрынғы әкімінің орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен «Астана LRT» басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланды. Арданның көлеңкесі де көрінбейді, Америкада тұрады дейтін Сұлтанбеков өз шындығын айтып, посттар жазған...
Қыркүйекте LRT -ң тіректері салынып біткені хабарланды. Иә, оны байқадық. 2026 жыл деген не тәйірі, әкімдіктің есебінше, сол жылы іске қосылады. Шыны керек, тек қарпып асау үшін басталған тірлік көп. Тіпті қисынға келмейтін, қажеті жоқ жобалар бар. Лентасы өтірік қиылған зауыттарды былай қойғанда.
LRT пайдалануға берілсе, үмітсіз ел емес екенбіз дейтін бір дүние болушы еді. Бұл өте маңызды. Үміттердің үзілмегені. Амангелді Сейітханның материалы.