Испанияның Валенсия өңірінде тұрғындар биліктің су тасқыны салдарымен күрес шараларына көңілі толмай, шеруге шықты.
Қала орталығына жиналған 100 мыңнан астам демонстрант провинция президенті Карлос Мазонның отставкаға кетуін талап етті. Шеруге қатысушылар полициямен қақтығысты. Полицияға тас лақтырып, ал тәртіп сақшылары оларға қарсы газ қаруын қолданған. Соңғы мәліметтерге сай, қазанның соңында болған су тасқынынан қаза тапқандар саны 223-ке жетті. 80 адам әлі табылмаған. Марқұмдардың көбі - Валенсия тұрғындары. Демоснтранттар үкіметті тасқын туралы ескертуді кешіктіріп жібергені, сондай-ақ құтқарушыларды зардап шеккен аймаққа бірден аттандырмағаны үшін айыптап отыр.
Арай Төлегенқызы