Израиль тұрғындары да, шеруге шықты. Олар үкіметтен Газадағы атысты тоқтатып, кепілдегілерді босатуды талап етті. Хамас былтыр қазанның 7-де Израиль аумағына шабуыл жасап, 1200-дей адамды мерт қылды. 250-ден астам израильдікті кепілге алған. Содан бері 400 күн өтті. Израиль болса, Газа секторындағы шабуылын жалғастырып жатыр. Соңғы мәліметтерге сай, одан 43 600-ден астам палестиналық қаза тапқан. Ал атыс қашан тоқтары белгісіз. Қатар болса, тараптар соғысты тоқтатуға шын ниет танытқанда ғана келіссөз жалғасатынын мәлімдеді. Бұған дейін Доха делдалдық етуін тоқтатты. Ал Тель-Авивте өткен шеруде қолына кепілдегі жақындарының фотосуретін ұстаған демонстранттар түрлі ұрандар тастады.
Шей Дикман, шеруге қатысушы:
Кепілдегілердің тұтқында отырғанына 400 күн болды. Әйелдер, ер адамдар, 86 жастағы ата, 1 жастағы бала. Олар осы күнге дейін Хамас-тың жер асты туннелінде отыр. Тағы бір қаһарлы қысты сонда өткізуге мәжбүр. Оларды аман-есен қайтарудың бір амалы - атысты тоқтату туралы келісімге келу. Соғыс аяқталып, кепілдегілер үйіне тез оралса екен.
Арай Төлегенқызы