Ақтөбеде жол ережесін екі айда 308 рет бұзған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде жол ережесін екі айда 308 рет бұзған

11.11.2024

 Ақтөбеде екі ай ішінде жол ережесін 308 рет бұзған жүргізуші ұсталды. Енді ол 11 миллион 500 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс. Ваз-2114 маркалы көліктің жүргізушісі жылдамдықты асырып, полицейлердің назарын өзіне аударған. «Қорғау» жүйесі арқылы оның бұған дейін де әлденеше рет ережені ескермегені анықталды. Көлік иесі -35 жастағы қала тұрғыны. Шетелдік нөмірлі автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Қазір Ақтөбе қаласы бойынша жылдамдықты өлшейтін жетпіске жуық бейнекамера жұмыс істеп тұр.

Хабарламаларға жазылу