Пәкістанның Кветта қаласында теміржол вокзалында болған жарылыстан 25 адам қаза тапты. 50-ден астам адам жараланған. Оқиға вагондарға адам көп жиналып, пойыз жүрейін деп жатқанда болған. Қазір вокзал жабық тұр. Тергеу жүріп жатыр. Жарылысты «Белуджистан азат ету армиясының» содырлары өз мойнына алды. Сепаратистік топ көптеген елде террористік ұйым ретінде танылған. Олардың талабы – 15 млн тұрғыны бар Белуджистан провинциясының тәуелсіздігін тану.
Арай Төлегенқызы