Алматыда инженерлік-технологиялық хаб ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда инженерлік-технологиялық хаб ашылды

11.11.2024

Алматыда алғаш рет инженерлік-технологиялық хаб ашылды. Хаб жұмысы тау-кен, инженерия, геология, ауыл-шаруашылығы, IT салаларын тереңдетуге бағытталады. Бұл өндірісті ғылыммен ұштастыруға сеп. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осылай деді. Сала басшысы бүгін Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай арнайы ашылған орталықтардың бағыт-бағдарымен танысты. «Қазір елімізде инженерия, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, машина жасау, материалдарды зерттеу салаларын дамытуымыз тиіс. Сондай-ақ отандық жоғары оқу орындарын үлкен академиялық хаб ретінде әлемге танытып, халықаралық зерттеуші алаңға айналдыруымыз керек» деген ұсыныс айтты.

Саясат Нұрбек, Ғылым және жоғары білім министрі:

Инженерлік даярлау модельді пысықтап жатырмыз. Өкінішке орай инженерлерді соңғы жылдары дұрыс дайындамай келе жатырмыз. Өндіріспен байланыс әлсіздеп кетті. ЖОО зертханалары, құрал-жабдықтары тұрғысынан жағдай өте қиын. Сондықтан биыл Сәтбаев универсиететінде 20-ға жуық мықты зерханалар ашылды. Машина жасау, нонотехнология, химия, материалдарды зерттеу, оның үстіне мықты шетелдік серіктестіктерді әкелдік біз. Негізгі мақсат – өндірісті ғылыммен ұштастыру.

Айдана Қуантхан

Хабарламаларға жазылу