Өскемендегі 25-шағын ауданның тұрғындары инфрақұрылмның игілігін көре алмай отыр. Мұнда халықтың алды қоныстанғанына 30 жылдан асса да, жол, жарық және суға жарымай келеді. Қала әкімдігі бұл шағын ауданды дамыту жөнінде жылда жоба-жоспар жасағанымен нақты жұмыстың қашан басталатынын ешкім білмейді.
Соңғы 10-15 жылда бой көтерген шеткі шағын аудандардың бір де бірінің инфрақұрылымы әлі толық шешілмеген. Есесіне халық жеке үйлерді бірінен соң бірі салып жатыр. Тұрғындар үшін ең негізгі мәселе электр энергиясы. Сондықтан әркім өзінше әркетке көшкен.
От это ветриком вынуждены были находить какие-то реальные решения по добыче электроэнергии.
Александр Кожеховтың желден энергия өндіру әрекетінен еш нәтиже болмаған соң, жанармаймен жұмыс істейтін генератор қолданып жүр. Бірақ оның өзін көп қоса алмайды.
Александр Кожехов, қала тұрғыны:
Күнде қосуға шамам жетпейді. Жанармайдың жұты ғой. Көп дегенде аптасына 3 рет қолданамын. Өйткені теледидар көріп, ақпарат тыңдағың келеді дегендей. Қала әкімінен күдер үздік. Ендігі үміт облыс әкімдігінде.
Жолдың жоқтығынан шағын ауданға мектеп автобусы да кірмейді. Оқушылар қалаға қатынайтын орталық жолдың бойынан барып отырады. Оған дейін 2-3 шақырым.
Уәзипа Қасенова, зейнеткер:
Екі немерем бар. Біреуі тоғыз оқиды. Біреуі алты оқиды. Соларды автобусқа апарам. Мына батпақ уақытында 2-3 аяқ киім ауыстырамыз. Дәмханаға дейін апарамыз, бір аяқ киім кигізіп. Оны ауыстырып алам да, мектеп баратынын анау аяқ киімдерін кигізіп, автобусқа салып жіберем. Міне солай 11 жыл болды. Осылай өмір сүріп келе жатырмыз.
Есімхан Шыңғожин ақсақал жер учаскесін алып, баспана құрлысын бастаған. Алайда су мен электрдің жоқтығынан жұмысы аяқсыз қалды.
Есімхан Шыңғожин, қала тұрғыны:
2012-жылы алғам анау жерді. Содан бері міне неше жыл салығын төлеп келе жатырмын. Биыл тағы ұзартып қойдым үш жылға. Барлығы әшейін, міне саламыз, болады, болады дейді, түк жоқ.
Түк жоқ дегенмен Өскемен қаласы әкімдігіндегі осы салаға жауапты бөлім басшылар келіспейді. Шағын ауданға су құбыры үш жыл бұрын тартылған. Алайда электр желісін тартуға міндетті мердігер компанияның жұмысы аяқсыз қалған. Істің соңы сотқа жеткенімен, ақырында тараптар қайта келісімге келген.
Әлішер Бекен, қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары:
Егер соттасып, өзара келісімнің күшін жояр болсақ, қайта конкурс өткізуге мәжбүр боламыз. Сөйтіп құрылыс-монтаж жұмыстары тағы екі жылға созылуы мүмкін. Сондықтан мердігермен бітімге келуге мәжбүр болдық. Олар жыл соңына дейін осы шағын ауданға 40 қосалқы станция орнатады.
Жыл соңына дейін электр желісі тартылса, жол мен су алдағы жылдардың жоспарында. Оған дейін шағын аудан тұрғындары ескі соқпақпен ептей тұруға тура келеді.
Олжас Керейхан