«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізі Қызылордадан Ақтөбе бағытына қарай келесі жылы 4 жолаққа кеңейтіледі. Бұл туралы аймақ жұртымен кездесуде Көлік министрі Марат Қарабаев айтты. Ақтөбе облысында бұл жоба биыл қолға алынып, күре жол кеңейтіліп жатыр. Ал Қызылорда бойынша жоба-сметалық құжаты әзірленіп, келер жылы іске аспақ. Жалпы екі облыс арасындағы маңызды тасжол 2027 жылы толығымен 4 жолақты болады. Сондай-ақ көптің көкейінде жүрген Маңғыстау облысынан оңтүстікке қарай жаңадан «Бейнеу – Сексеуіл» автожолы салынады.
Марат Қарабаев, Көлік министрі:
Қазіргі жасалып жатқан техникалық-экономикалық негіздемесі құжаттың «Бейнеу – Сексеуіл» ретінде жасалып жатыр. Жалпы ұзындығы 736 шақырым болады. Жоспарымыз бойынша оның нақты құрылысы 2027 жылы басталады.
Әділбек Серікұлы