Ал 264 кәсіпорын жұмысшыларына 4 млрд теңге қарыз болып қалған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жалақысын ала алмай жүрген 18 мыңға жуық адам шағымданған. Бұл жұмыс берушілерге мемлекеттік инспекторлар 46,5 млн теңге айыппұл салды. Нәтижесінде 16 мың адамға 3,1 млрд теңге төленді.
Бұдан бөлек, 7 мыңнан аса жұмысшының еңбек қауіпсіздігі мен жұмыспен қамту бойынша құқығы бұзылғаны анықталды. Қызметкерлер алдындағы міндеттемесін орындамағаны үшін жұмыс берушілерге 339 млн теңге айыппұл салынды.
Айя Мүтәлі