Шетел асып кеткен қазақстандықтар енді медициналық сақтандыру арқылы тегін дәрі-дәрмек ала алмайды. Олар емханадағы тіркеуден автоматты түрде шығарылады. Денсаулық сақтау министрлігі осындай ұйғарымға келді. Ал мұндай тапсырманы оларға Жоғары аудиторлық палата берген. Палата арнайы тексеріс жүргізіп, медициналық сақтандыру қорындағы бірқатар кем-кетікті анықтаған. Осылайша шетелде тұрып жатқан қазақстандықтарға медициналық препарат беруді тоқтатты.
Айя Мүтәлі