Филиппиннің солтүстігіне «Тораджи» тайфуны соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Филиппиннің солтүстігіне «Тораджи» тайфуны соққы берді

12.11.2024

Филиппиннің солтүстігіне "Тораджи" тайфуны соққы берді. Жауындатқан сұрапыл жел аймаққа сағатына 110 шақырым жылдамдықпен жеткен.

Алапат дауылдан әсіресе Аврора провинциясы ең көп зардап шекті. Мұнда электр сымдары үзіліп, ағаштар құлаған. Дегенмен, қаза тапқандар мен жараланғандар туралы мәлімет түскен жоқ. Филиппин аралдарында жыл сайын шамамен 20 шақты шторм көтеріледі. Соның салдарынан жауын құйып, лай көшіп, талай адам опат болады.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу