Букмекерлердің жарнамасына қатысты жаңа шектеулер енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Букмекерлердің жарнамасына қатысты жаңа шектеулер енгізілді

12.11.2024

Букмекерлер мен бәс тігудің жарнамасына қатысты жаңа шектеулер мен айыппұлдар енгізілді. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады. Енді құмар ойындарын ұйымдастырушыларға көшелерде, ғимараттардың қасбеттерінде көлік құралдарында жарнама жасауға толық тыйым салынды. Бірақ, букмекерлік кеңселердің немесе тотализаторлардың орналасқан жерлеріне, спорт ғимараттарының ішіне және спортшылардың киімдеріне жарнама жасауына рұқсат етілген. Министрліктің мәліметінше, егер ереже сақталмаған жағдайда мынадай жаза қарастырылған.

Мәселен, бірінші рет ереже бұзғаны үшін жеке тұлғалар - 60 АЕК ал, заңды тұлғалар - 80 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Шағын кәсіпкерлік және коммерциялық емес ұйымдар - 170 АЕК, ірі бизнес субьектілері – 400 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалайды. Егер ереже екінші рет бұзылса айыппұл сомасы екі есеге өседі. Заңнама нормаларын бұзғаны үшін жарнама беруші, оны жариялаушы және таратушы жауапқа тартылатынын айта кетейік.


Хабарламаларға жазылу