Қызылордада оқушы қызды бопсалаған күдікті сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада оқушы қызды бопсалаған күдікті сотталды

12.11.2024

Қызылордада 16 жасар оқушы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген қылмыстық іс бойынша алғашқы күдіктіге сот үкімі шықты. 21 жасар қала тұрғыны жас қызды полиция өкілімін деп қорқытып, ақша бопсалаған.

Ол оқушы қыздың жыныстық қатынасқа түскен фото-бейне жазбасын әлеуметтік желіге таратып жіберемін деп 700 мың теңге талап еткен. Сондай-ақ 35 мың теңгесін сөмкесінен тартып алған. Ол арам пиғылын ұйымдасқан қылмыстық топқа қарсы полиция қызметкері ретінде іске асырмақ болған. Сот үкімімен айыпталушы 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу