Маңғыстау облысындағы Қаракөлде қоқиқаздар аялдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысындағы Қаракөлде қоқиқаздар аялдады

12.11.2024

Көздің жауын алатын бұл қоқиқаздар Маңғыстау облысындағы Қаракөл көліне аялдаған. Ақтаулық тұрғын Азамат Сәрсенбаевтың әлеуметтік желіде жариялаған бейнежазбасы көпшілікті тәнті етті. Қоқиқаз - Қазақстанның қызыл кітабына енген.

Олар 1 мыңнан 5 мыңға дейін топтасып ұшып, күзде Ақтау қаласының маңындағы Қаракөл көлінде тынығады. Одан әрі оңтүстікке қарай кетеді. Қыс жылы болса, 10-15 қоқиқаз маңғыстауда қыстап қалады. Себебі Қаракөлдің суы жылы әрі, қорегі мол. Ал құстардың негізгі ұялайтын жері - Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінде орналасқан.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу