Шымкентте алимент төлемеген 22 азамат сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте алимент төлемеген 22 азамат сотталды

12.11.2024

Шымкентте алимент төлемей жүрген 22 азамат қылмыстық жазаға тартылды. Олардың барлығы әкелік қамқорлығын ұмытқаны үшін бұған дейін де әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Соған қарамастан халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынған бос жұмыс орындарына орналасып, еңбек етуден бас тартқан.

Сот борышкерлерді кінәлі деп танып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ жыл басынан бері балаларын күтіп-бағуға қаражат бермеген 145 азамат 5 күнге қамауға алынды. Тағы 78 борышкер айыппұл төлеуге міндеттелді. Алимент төлеуден жалтарып жүргендердің ісіне салғырт қараған 70-тен астам сот орындаушысы да тәртіптік жауапқа тартылды.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу