АҚШ-та қазақ ғалымдары геология саласын цифрландыру жолын меңгеруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та қазақ ғалымдары геология саласын цифрландыру жолын меңгеруде

12.11.2024

Отандық геология саласын цифрландыру жаңа кен орындарын табудың тиімділігін еселеп арттырады. Урбана-Шапейндегі Иллинойс университетінде тағлымдамадан өтіп жатқан Әлия Маусымбаеваның пікірі осындай. Бұл белді білім ордасында жүзге жуық қазақстандық тың технологияларды меңгеріп жатыр.

Урбана-Шапейндегі Иллинойс университеті әлемдік белді оқу орындарының бірі. Әсіресе инженерлік-техникалық білім беру бағдарламалары мықты. Сол себепті де Қарағанды техникалық университетінің профессоры Алия Маусымбаева тағлымдамадан өту үшін осы оқу орнын таңдайды. Басты көздегені геология бағыты бойынша биг дата, яғни үлкен мәліметтер қорын жүйелеп, онымен жұмыс істеуді меңгеру. Сол арқылы геологиялық қорларды цифрландырып, келешекте тиімді қолдануға жағдай жасау.

Әлия Маусымбаева, Қарағанды техникалық университетінің профессоры:

Біздің елімізде 150 жылдан астам жиналған қорлар бар. Бүкіл геологиялық қорлар қағаз жүзінде сақталған. Енді оны цифрландырып, содан кейін ең қолайлы ең тиімді ақпаратын қолдану үшін осы биг дата сайнс бағдарламасы бізге көмектеседі және келешекте осы тиімді ақпаратты алғаннан кейін жаңадан кен орындарды немесе оны жаңадан бағалап, жаңа қазба орындарын табуға мүмкіндік бар.

Биг дата, яғни үлкен мәліметтер ғылымына ден қойған жанның бірі Бағдат Есенқызы. Профессор үлкен деректермен жұмыс істеу Қазақстанға кез келген салада шығындарды азайту, өнімділіктікті арттыру және ақпараттық қауіпсіздікті нығайту үшін аса қажет дейді. Себебі бізде әлі де зерттелмеген деректер қоры өте көп.

Бағдат Ягалиева, Қарағанды техникалық университетінің профессоры:

Соны биг дата саласы бойынша зертттеп дамыту. Технологияны дамыту. Өзімідің технология болуы керек. Әлемде өте көп биг дата, жасанды интелект болсын, кибер қауіпсіздік болсын осы айти саласы бойынша дамуда. Бірақ біздің өзіміздің Қазақстанның - қазақ елінің технологиясы болса.

Жалпы 24 нобель сыйлығының иегері шыққан Урбана-Шапейндегі Иллинойс университеті әлемдек рейтингте алғашқы отыз екі оқу орнының қатарына кіреді. Содан да болар Американың өзге университеттерімен салыстырғанда ең көп қазақстандық осы білім ордасында оқиды. 96 адам. Оның бір бөлігі тағлымдамадан өтсе, енді бірі магистратура мен докторантурада батыстық біліммен сусындап жатыр.

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу