Петропавл жылу орталығына маман таппай жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавл жылу орталығына маман таппай жатыр

12.11.2024

Петропавл жылу электр орталығында маман тапшы. Мәселе бірнеше жылдан бері шешілмей келеді. Қазір кәсіпорында 500-ден астам адам еңбек етіп жүр. 200-ге жуық жұмыс орыны бос тұр. Компания басшылығы маман тапшылығын жалақының аздығымен байланыстырды. Осы және басқа да мәселелер Сенаттың экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті депуттатарымен кездесуде талқыланды. Жұмыс тобы кәсіпорынның жағдайымен танысты. Биыл стратегиялық нысанда жөндеу жүргізу мақсатында 18,8 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген. Жөндеу жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр. Алдыңғы жылы құлаған мұржаның орнына жаңасы салынды. Оны келер жылы іске қосу үшін қосалқы нысандардың құрылысы жүріп жатыр.

Әлібек Нәутиев, Сенат депутаты:

Нысанның ең үлкен мәселесі – біріншіден кадр мәселесі дегенді айтып жатыр. Соңғы үш жылда еңбекақыны 240 мыңнан 389 мыңға дейін көтерген, алайда мамандардың келмеуі үлкен қолбайлау болып жатқанын айтып жатыр. Инженерлік составтың да жетпей жатқаны.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу