Былтыр күзде аяқталуы тиіс Павлодардағы №1-аурухананың жөндеу жұмыстары биыл да бітпей, келесі жылға шегерілді. Облыс орталығындағы жеті қабатты, үш блогы бар ең үлкен аурухананы жөндеп, жабдықтар алуға 2021 жылы 12 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Оның 8,3 млрды медициналық құрал жабдықтар алуға арналған. Қазір сегіз бөлімшенің екеуі ғана дайын. Жұмыс сылбыр әрі сапа жоқ дейді депутаттар.
Махамбет Амангелді, облыстық мәслихаттың депутаты:
Жалпы құрылысшыларға негізінен құрылыспен айналысу керек еді. Ал медициналық жабдықтарды Денсаулық сақтау басқармасы өздері алу керек еді. Бұның барлығын әкеп қосқан, сол себепті аурухананың финансированиесінің уақыты өтіп енді осында енгізілмеген жабдықтар ескіріп бара жатыр.
Әнуар Бұйрашев, Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Биыл мәселе қаржыландыруға тірелді. Бізге жоспар бойынша, А блогын аяқтау үшін 6,4 млрд теңге қажет еді. Бөлінгені – 3 млрд теңге ғана. Республикалық бюджеттен сұратқан қалған 3,4 млрд теңгені өкінішке қарай келесі жылға бекітті.
Болат Аманбай