Ақтөбе облысы Хромтау қаласының тұрғынын бопсалап, 5 миллион теңге талап еткен күдікті ұсталды.
Ол танысының ар-намысына нұқсан келтіретін бейнекөріністі жариялаймын деп қорқытқан. Полиция департаменті, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шағымданушының арызы бойынша жедел әрекет етті. Күдікті жәбірленушіден келісілген қаржының бір бөлігін, яғни үш миллион теңгені алып жатқан сәтінде қолға түсті. Одан ақшадан бөлек ұялы телефон тәркіленді. Қазір бопсалау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Жақсыбек Кемал