Ресейдің федералды ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау қызметі Қазақстаннан 180 тонна алмұртты кіргізбеді. Орынбор облысындағы бақылау бекетінде жемістің 10 партиясы тоқтатылды. Қадағалау қызметінің мәліметінше, алмұрт «санкциялық» деп танылды, яғни жеміс өсірілген ел Қазақстан емес, Польша, Бельгия болуы мүмкін.
Ресей Федерациясында 2014-ші жылдан бастап азық-түлік эмбаргосы жұмыс істейді, оған Еуропа елдерінен көкөністер мен жемістер жатады және «санкциялық» елдердің өнімдері жойылуы міндетті. Енді 180 тонна жеміс Орынбор облысындағы полигонда жойылады.
Индира Бегайдар