Дональд Трамп Илон Маскке үкіметтен қызмет ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дональд Трамп Илон Маскке үкіметтен қызмет ұсынды

13.11.2024

Дональд Трамп бизнесмен Илон Маскқа жаңадан құрылатын Үкіметте тиімділік Департаментін басқаруды ұсынды. Миллиардер бұл қызметті бизнесмен Вивек Рамасвамимен бірлесе атқарады. Ол бұрын республикалық партия атынан президенттікке кандидат болған еді. Трамптың мәлімдеуінше, екеуі бірлесе үкіметтік бюрократияны жоюға, шектен тыс реттеуді азайтуға, ысырап шығындарды қысқартуға, федералдық агенттіктерді қайта құруға жол ашады. Жаңа Департамент кең ауқымды құрылымдық реформалар жүргізу үшін Ақ үймен және Бюджет басқармасымен бірге жұмыс істейді. Сонымен бірге Трамп Пентагон басшысы қызметіне Fox News телеарнасының жүргізушісі Пит Хегсетті, ал Орталық барлау басқармасы жетекшілігіне Ұлттық барлаудың бұрынғы директоры Джон Рэтклиффті ұсынды. Сенатор Марко Рубиоға Мемлекеттік хатшы лауазымы бұйыруы мүмкін.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу